Қалай азаматтық қорғау органдарының қызметкері болуға болады?

Қалай азаматтық қорғау органдарының қызметкері болуға болады?

Азаматтық қорғау органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін бастапқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және оны өту шарттары, сондай-ақ оларды бастапқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері:

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің кадр қызметіне (Өскемен қаласы) қажетті құжаттарды тапсырған Қазақстан Республикасының азаматы іріктеуге қатысу үшін кандидат болып табылады.

Жалпы біліктілік талаптары: Білімі орта, арнаулы орта, жасы 35-тен аспаған, Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери қызмет өткерген немесе әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар.

Қызмет атқарудың артықшылықтары:

- қызмет өтілі мен арнаулы атағына байланысты лауазымдық жалақы мөлшерінің ұлғаюымен тұрақты және уақтылы жалақы;

- сауықтыруға, мансаптық өсуге арналған жәрдемақылар;

- арнаулы атағына байланысты 48 жастан бастап зейнетке шығу (ішкі істер органдарында кемінде 12 жыл 6 ай үздіксіз еңбек сіңірген кезде).

Құжаттарды қабылдау орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Протозанов көшесі, 97/1, анықтама телефоны: 8 (7232) 25-07-94.

Семей қаласы, Дулатов көшесі, 137.