
Соңғы уақытта қоғамдық көлікте өрттердің бірнеше рет орын алуы тіркелді, соның салдарынан автобустардың шанағы түгелдей дерлік жанып кетті. Бақытымызға орай, бұл өрттерде зардап шеккендер жоқ, жолаушылар мен жүргізушілер уақтылы эвакуацияланды. ШҚО-да жыл басынан бері көлікте 149 өрт болды, оның шығыны 32 миллион 158 мың теңгені құрады.
ШҚО ТЖД құтқарушылары өрттің көлік құралын қаншалықты жылдам қамтитынын және мұндай өрттердің қаншалықты оңай еместігін көрнекі түрде көрсетуді шешті.
Оқу-жаттығудың аңызы бойынша қалааралық автобустың жолаушылар салонында өрт шыққан, болған оқиға туралы адамдар "101"қызметіне хабарлады. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел келіп, бірінші кезекте қатты түтінделген көлік құралында қоршауда қалған азаматтарды эвакуациялай бастады. Екі азамат жану өнімдерімен уланып қалды, оларға зардап шеккендерге келіп жеткен апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері алғашқы көмек көрсетті.
Құтқарушылар 70 шаршы метр алаңда отпен күресті. Белгілі болғандай, өрт автобустың электр жабдықтарының қысқа тұйықталуынан туындаған.
ШҚО ТЖД еске салады: мұндай оқиғалардың пайда болу себептері көп болуы мүмкін: отты абайсыз пайдаланудан бастап, автокөліктің электр жабдықтарындағы ақауларға дейін.
1. Өрт туралы дереу жүргізушіге хабарлаңыз, өрт ошағын сөндіру үшін өрт сөндіргіш пен қол астындағы құралдарды қолданып көріңіз.
2.Сақ болыңыз! Есіктерді бұғаттаған жағдайда эвакуациялау үшін шатырдағы авариялық люктерді және бүйірдегі әйнектерді пайдаланыңыз. Қажет болса, әйнекті екі аяғыңызбен (немесе қатты затпен) ұрыңыз. Егер сіз ауыр жарақатсыз босатылсаңыз, мүмкіндігінше, қалғандарға, ең алдымен балалар мен қарттарға көмектесіңіз.
3. Кез-келген көлікте материалдар жану кезінде улы газдар болады, сондықтан салоннан ауызды, мұрынды жеңмен, орамалмен жауып шығыңыз. Салоннан шыққан соң, мүмкіндігінше алысқа кетіңіз, себебі жанармайы бар бактар жарылуы немесе жоғары вольтты электр желісінің тұйықталуы мүмкін.
Үйлесімді және жедел әрекеттер жанып жатқан автобустың салонынан тез шығып, адамдардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бірақ дүрбелең мен біліксіздік адамдарды эвакуациялау мүмкін болмайтындығына әкелуі мүмкін. Бұл құрбандарға әкелуі мүмкін.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде 101 немесе 112 нөмірлері бойынша хабарласу қажет.