Құтқарушылар балаларға көмекке уақытында келіп жетті

Құтқарушылар балаларға көмекке уақытында келіп жетті

Семей қаласында төрт бала пәтерде жалғыз отырған,  ата-аналары үйде болмады.
Электр машинасын қуат көзіне қойған кезде, балалар тарсылдаған дыбысты естиді, қысқа тұйықталу болып, үйдің іші лезде түтінге толған.  түтіннің иісін сезген көршілер құтқарушыларды шақырды.
Олар көмекке жедел келді.
Автосатыны орнатты, бірақ 3-қабаттағы пәтерге баспалдақтағы тор  арқылы есікке кіре алды. Өрт сөндірушілер
түтінді желдетіп,   6 айлық, 2 , 4, 6 жастағы төрт ұлды құтқарып қалды.
Балалар зардап шеккен жоқ. 
ШҚО ТЖД мынаны еске салады, балаларды жалғыз қалдырмаңыз.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыз.
Төтенше жағдай кезінде  101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.