
Азаматтық қорғау аға сержанты Берік Қалықов "ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ" ММ Семей қ. жасағының №40 ӨСБ-де жүргізуші болып жұмыс істейді.
26 жастағы өрт сөндіруші спортпен белсенді айналысады және 2021 жылдың 15-24 қазан аралығында Италиядағы кикбоксингтен әлем чемпионатына қатысты. Жарысқа 65 елден 1 600 спортшы қатысты. Берік Қалықов Қазақстан құрамасында өнер көрсетіп, қола жүлдегері атанды.
ТЖ жүйесінде 2016 жылдан бастап қызмет етеді, есепте 13-тен астам өрттерді жою және 20 азаматты құтқару бар. Бұл спортпен мектептен айналысады.