Автокөліктегі өрттердің алдын алу.

Автокөліктегі өрттердің алдын алу.

Автокөлікте өрттердің алдын алу мақсатында Семей қ.ТЖБ МӨББ қызметкерлері патрульдік-күзет қызметі батальонының қызметкерлерімен бірлесіп автостанциялар мен автобус парктерінде профилактикалық іс-шаралар өткізді, автокөлік құралдарының өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігіне, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуына ерекше назар аударылды.

Өткізілген алдын алу іс-шаралары барысында қалалық және қалааралық маршруттардың автобус жүргізушілеріне нұсқау беріліп, автокөліктегі өрттердің алдын алу бойынша үгіт-профилактикалық материалдар табыс етілді.

Автокөлік құралдарының жүргізушілерімен өрт туындаған жағдайдағы іс-қимыл бойынша және өрт қауіпсіздігі шаралары туралы, өрт сөндіргіштерді пайдалану қағидалары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Семей қ. ТЖБ барлық автокөлік құралдарының иелеріне өрттердің және жазатайым оқиғалардың туындауын болдырмау үшін көлік құралдарына техникалық байқау мен қызмет көрсетуді үнемі жүргізу қажеттігін ескертеді.  

 Семей қ. ТЖБ МӨББ