Өскеменде шұңқырға түсіп кеткен сиырды құтқару операциясы жүргізілді

Өскеменде шұңқырға түсіп кеткен сиырды  құтқару операциясы жүргізілді

28 қазанда ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағына сиырдың шұңқырға құлап кеткені туралы қоңырау түсті. Құтқарушылар шақырту орнына келіп, тереңдігі 3 метр болатын қазылған шұңқырдан жануарды тауып алды.​ Шұңқырдың беті тақтаймен жабық болған, алайда "қаңғыбас тацыншаның" салмағын көтере алмағандықтан құлап кеткен.  Бастапқыда сиырды құтқару арқанымен "ұстап", "тұзақтан" шығаруға тырысу туралы шешім қабылданды, бірақ әрекеттер сәтсіз болды, жануар қарсыласып қоймады.   Сол кезде жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жақын жерде жұмыс істеп тұрған тиегішті көмекке тартты. Жануарды көліктің бақырына байлап, абайлап көтеріп, оны шұңқырдан шығарды. Бүкіл құтқару операциясы шамамен бір сағатты алды. Тайынша зардап шеккен жоқ, ішкі істер басқармасының қызметкерлері оның иелерін іздеу жұмыстарын жүргізуде. Құтқарушылардың атына қиын жағдайға тап болған жануарларға көмек көрсету туралы өтініштер келіп түсуде. ШҚО ТЖД иелерінен үй жануарларын қараусыз қалдырмауды сұрайды. Егер сізге құтқарушылардың көмегі қажет болса, "112"нөміріне қоңырау шалыңыз. ​

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі