Шығыс Қазақстанда «Зымыран-2021» оқу-жаттығуы бастау алды

Шығыс Қазақстанда «Зымыран-2021» оқу-жаттығуы бастау алды

Шығыс Қазақстанда екі күн қатарынан «Зымыран-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өтетін болады. Жаттығу барысында «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымыран тасығышты ұшыру кезіндегі авариялармен байланысты ТЖ жоюға дайындық деңгейі анықталады.
«Зымыран-2021» оқу-жаттығуы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде кіріспе пысықталады. Екінші кезеңде оқу жаттығу орындарында авариялық-құтқару оқу-жаттығуларды тәжірибелік пысықтауды ұйымдастырады. Штабтық оқу-жаттығу шеңберінде облыста электр сиреналарды іске қосу арқылы құлақтандыру жүйесі тексерілді және телеарналарға қосылды.