
2021 жылғы 27 қазанда Семей қаласы ТЖ басқармасының дағдарыс орталығында БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
Брифинг барысында Семей қ. ТЖБ қызметкерлері өрт қауіпті кезеңнің қорытындысын шығарып, өткізілген іс-шаралар туралы айтты. 2021 жылы орман өрттерінің 17 жағдайы тіркелді. Өрттің пайда болуының негізгі себебі найзағай разрядтары болып табылады.
Жылыту маусымына келетін болсақ, тұрғын үй секторында өрттердің пайда болу және улы газбен улану тәуекелдерінің алдын алуға бағытталған барлық дайындық, алдын алу іс-шаралары 2021 ж. 02.08. басталды. Халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарының тұрғын үйлерінде улы газ датчиктерін ұйымдастыру және орнату бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Айта кету керек, улы газ датчиктері орнатылған отбасыларда адамдардың көміртегі тотығынан қаза табу және жарақат алу жағдайлары тіркелген жоқ.
ШҚО ТЖД Семей қ. ТЖБ