
26 қазан күні Алтай ауданы Соловьево кентіндегі ферма аумағында жұмыс істемейтін сиыр қорада 9 ш.м. алаңда еденнің ағаш құрылымдары өртенді, өрттің болжамды себебі – газбен кесу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.
26 қазанда Риддер қаласы ауданының Бутаково ауылында моншаның ағаш конструкциялары өртенді, сондай-ақ көршілес орналасқан қараусыз қалған учаскеде үй мен шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары отқа оранды. Құтқарушылар жалпы ауданы 80 ш.м. өртті сөндірді. Өрттің болжамды себебі - отты абайсыз қолдану.
Сол күні Глубокое ауданында Тоқтаров көшесі бойынша жеке тұрғын үйдің ауласында шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары өртенді. Құтқарушылар 10 ш.м. ауданда өртті және 0,5 куб. м. жанып жатқан отынды, сондай –ақ 40 ш. м. алаңдағы құрғақ шөптің жануын жедел түрде жойды. Дәл сол себепті Үржар ауданында
және Катонқарағай аудандарында өрттер орын алды. Үржар ауданында
Челюскин көшесінің бойында жеке тұрғын үйде шатыр, ішінара жеке заттар, жиһаз, шатырдың ағаш конструкциялары, сондай-ақ ғимарат блогының ағаш конструкциялары өртенді. Өрт сөндірушілер жалпы ауданы 137 ш. м. өртті сөндірді, Катонқарағай ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында жалпы ауданы 30 ш. м. ағаш шатыр құрылымдары өртенді.
Сол күні Құтқарушылар Көкпекті ауданында жеке тұрғын үйдің ауласында өртенген 3 тонна шөп сөндірді.
ШҚО ТЖД мамандары жеке тұрғын үйлердегі өрт қауіпсіздігі туралы еске салады:
- жылыту пештерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа да элементтері тікелей жылу беру алдында, сондай – ақ жылыту маусымы кезінде – үш айда бір реттен сиретпей, үздіксіз жұмыс істейтін пештер үшін екі айда бір реттен сиретпей күйеден тазартылады;
- түтін арналары өтетін шатырларда және үй-жайларда барлық түтін құбырлары мен қабырғалары әктеледі;
- жылыту пешінің алдында көлемі 50*70 см металл от алдыру парағы болуы тиіс;
- қызған күл мен қожды оттықтан шығарғаннан кейін олар үшін арнайы бөлінген орынға шығарады және сумен төгеді.
Пешті қауіпсіз пайдаланудың маңызды факторы - жылыту пешінің дұрыс орналасуы. Сонымен, жылыту пешінде жанғыш құрылымдардан нормалармен белгіленген өртке қарсы бөлу (шегініс) болуы керек.
Өрт болған жағдайда 101 немесе 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.