Құтқарушылар көмекке келді

Құтқарушылар көмекке келді

    Үржар ауданында бұзау құдыққа құлады. ​ 54-ӨСБ келген құтқарушылар ауыр жануарды арқанның көмегімен алып шықты.
     Жануар серуендеп, қақпағы жоқ кәріз құдығының ашық люкіне түсіп кетті. Оқиға Мақаншы ауылында болған.
Иелері дереу құтқарушылардан көмек сұрады, өйткені олар сиырды өз бетінше құтқара алмады.
​      "Құтқару операциясына 4 адам қатысты. Операция шамамен 25-30 минутқа созылды. Оқиға салдарынан жануар зардап шеккен жоқ", - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
         ШҚО ТЖД құдықтардың люктерінде қақпақтардың болмауы қауіп төндіретініне, ал жануарлардың иелері оларды мұқият бақылаулары керек екеніне назар аударады.
          Семей қаласында Б.Момышұлы көшесіндегі пәтерде жас бала қалып қойды. Оқиға орнына келгеннен кейін 2-МӨСБ құтқарушылары альпинистік құрал-жабдықтардың көмегімен 5-қабаттан 3-қабаттың ашық терезесіне түсіп, пәтерге кіріп, есікті ішінен ашты. Пәтерде 2020 жылы туған бала болды.
   ШҚО ТЖД еске салады балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
    Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі