Бірнеше апта бойы Шығыс Қазақстан облысында облыс мектептерінің оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне арналған «TikTok» және өздері шығарған өлеңдердің конкурстары өтті.
Шығармашылық қиын шайқастардың қорытындысы бойынша көшбасшылар мен жеңімпаздар болып «TikTok» байқауында алға шыққандар: 1 орын - Сағынтаева Диляра, 2 орын - Ангелина Буркина, 3 орын-облыс орталығының «Өркен» клубының тәрбиеленушілеріне бұйырды.
Өзі шығарған өлеңдер сайысында 1 орынды Алтай қаласының №9 мектебінің оқушысы Аңсар Асылбеков, өлең жаза алатын және мәнерлеп оқи алатын қабілеті үшін 2 орынды Өскемен қаласының № 27 орта мектебінің оқушысы Қайтбек Мұхамедали және 3 орынды Риддер қаласының №10 орта мектебінің оқушысы Сергей Коробейников иеленді.
Бейне және өлеңдер өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың күрделі және батыр мамандығы тақырыбында орындалған.
«Оқушылардың шығармашылық өзін-өзі танытуына және тұлғалық дамуына ықпал ету. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мамандығын насихаттау, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу конкурстарды өткізудің негізгі мақсаты болды», - деп түсіндірді ШҚО ТЖД бастығы Ерлан Нұрпейісов.