
Статистика бойынша, Қазақстанда әрбір жиырмасыншы өрт балалардың тұрмыстық техника мен электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзғандығы себебінен болады. Осы себептен балаларға абайсыздан пайдаланған оттың салдарын түсіндіру маңызды. Семей қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің қызметкерімен өрт қауіпсіздігінің алдын-алу мақсатында Семей қаласының №3 мектепбінде бастауыш сынып оқушыларының арасында «От-досымыз, от-жауымыз» тақырыбында ашық сабағы өткізілді.
Оқушыларға келесі сайыстық тапсырмаларды орындау керек болды: жұмбақтарды шешу, аз уақыт ішінде блиц викторина сұрақтарына жауап беру сияқты. Викторина кезінде оқушылар ақыл мен тапқырлық танытты. Осындай әдемі және қызықты ойын түрінде балалар өрт қауіпсіздігі ережелерін қайталады.
Қазіргі уақытта өрт қауіпсіздік ережелері бойынша осындай сабақтар өткізу өрттің алдын-алу, өрт қауіпсіздік ережелері және төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерге балаларды оқытудың ең қолайлы тәсілдердің бірі болып табылады.
Семей қаласының ТЖБ