
Бүгін біздің елімізде, сондай-ақ бүкіл әлемде Қарттар күні атап өтіледі. Дәстүр бойынша бұл мерекеде «№29 ҚББМО» КММ «Жас құтқарушы» орталығының тәрбиеленушілері азаматтық қорғау қызметінің зейнеткерлерін, соғыс ардагерлерін құттықтайды. Осы жылы да балалардың назарынан тыл еңбеккері Любовь Ивановна Гузеева тыс қалмады. Жас құтқарушылар қонаққа келіп, гүл шоқтарын, тәттілер сыйлады, өлең айтып, көңіл-күйлерін көтеріп, сүйкімді әйелмен сөйлесті.
Любовь Ивановна балаларға осындай жасында зауытта қосалқы жұмысшы болып жұмыс істегені туралы, соғыстың қиын жылдары туралы айтып берді, Соғыстан кейін Үлбі металлургия зауытында еңбек жолын жалғастырып, зейнеткерлікке шыққанға дейін сонда жұмыс істеді.
Жылы әңгіме мен назарлық таныту-қарт адамдарға арналған ең жақсы сыйлық, осындай мезгілдер үлкен адамдарға демалуға, сөйлесуге, жалғыздықты жеңуге мүмкіндік береді.
Мұндай кездесулер тарихтың ондаған жылдарын үздіксіз бір тізбекке біріктірген аға ұрпаққа олардың жанқиярлық еңбегі мен даналығы үшін алғысының аз ғана бөлігі ғана болып саналады.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі