Семей құтқарушылары бір түн ішінде екі өртті сөндірді

Семей құтқарушылары бір түн ішінде екі өртті сөндірді

Бір өрт Речников көшесінде орын алды, онда тоғыз илік барак үйінің ауласында, шаруашылық құрылыстарының ағаш конструкциялары, гараж және онда тұрған автокөлік өртенді. Өрт көрші ғимараттарға және көрші пәтерлердің қоршауына таралды. Өрттің жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер өрт орнынан сыйымдылығы 27 л бір газ баллонын шығарды.

Жанудың алдын – ала себебі – электр жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау.

Екінші жағдайда өрт сөндірушілер Бобровка саяжай массивіндегі тұрғын үйдің ауласында орналасқан жалпы ауданы 18 ш.м. моншаның жануын жойды. Бұл жағдайда жанудың екі себебі қарастырылады - отты абайсыз пайдалану және электр жабдықтарының авариялық режимі.

Семей қаласының ТЖ басқармасы өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын еске салады:

- электр желісіне қосылған тұрмыстық электр аспаптарын қараусыз қалдырмаңыз;

-электр құрылғыларын өндіруші зауыттардың пайдалану нұсқауларының талаптарына сәйкес пайдаланыңыз;

- электр сымдарының жарамдылығын бақылаңыз,

- зақымдалған электр құрылғыларын, электр розеткаларын пайдаланбаңыз;

- бір электр розеткасына бір уақытта электр желісін шамадан тыс жүктейтін бірнеше қуатты электр тұтынушыларын қоспаңыз;

- қорғаныс плафондары алынған электр шырақтарын пайдаланбаңыз;

- бөлмеде ашық от көздерін пайдаланбаңыз.

 Жануға күдік туған жағдайда дереу "112"нөміріне қоңырау шалу қажет!