«Қазқұтқару-2021» жарысының қорытындысы шығарылды

«Қазқұтқару-2021» жарысының қорытындысы шығарылды

Алматы облысының Тамғалы Тас шатқалында орналасқан "Жартасты қала – Астана" оқу-жаттығу полигонында "Қазқұтқару-2021" құтқару көпсайысы және әскери-құтқару үшсайысы бойынша жарыстар аяқталды.

Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан ТЖМ бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің әскери қызметші - құтқарушыларының командалары қатысты.

Төрешілер қатарында ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының мамандары да болды.

"Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға тән табиғи және жасанды кедергілерден тұратын қашықтықтан өтуді бас төрешілер алқасы жүзеге асырды. Жарыс іздестіру-құтқару және авариялық жұмыстардың дағдыларын жетілдіру, авариялық-құтқару құралдары мен техникасын пайдаланудың озық әдістерін меңгеру, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу тәжірибесімен алмасу, кәсіби даярлықты жетілдіру және жарысқа қатысушылардың дене дайындығын тексеру үшін өткізілді", – деп хабарлады ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының басшысы Игорь Лапенлавский.

Жарыс "техногенді апаттар жағдайында іздестіру-құтқару жұмыстары", "акваториядағы іздестіру-құтқару жұмыстары", "табиғи орта жағдайында іздестіру-құтқару жұмыстары"3 дистанциясынан өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының кәсіпқойлары, 2 орынды Орал қаласынан келген әріптестері, үшінші орынды Өзбекстаннан келген құтқарушылар және 4 орынды қырғыз құтқарушылары иеленді.