Өскеменде сейсмикалық қауіпті бағалау бойынша жұмыстар басталды

Өскеменде сейсмикалық қауіпті бағалау бойынша жұмыстар басталды

Өскеменде облыс орталығының аумағының сейсмикалық қауіптілігін одан әрі бағалау үшін оның топырақ қабатын зерттеу бойынша инженерлік, геологиялық және геодезиялық жұмыстар басталды.
ҚР ТЖМ "Сейсмология институты"  ЖШС, ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы" ЖШС, "AspanTauLTD" ЖШС, "ЭЛЬБРУС - ГЕО" ЖШҚ ғылыми-зерттеу бағдарламасының мамандары Өскеменге келді және 2021 жылдың соңына дейін тектоникалық құрылымдарды нақтылау бойынша аспаптық зерттеулер жүргізетін болады. Осы жұмыстың нәтижесі - жобалау және күрделі құрылыс саласында негізделген құрылыс саясатын жүргізу үшін Өскемен қаласын сейсмикалық аудандастыру карталарын әзірлеу болып табылады.
Жоба 2021-2024 жылдары "Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар кешені" Жол картасын іске асыру шеңберінде өтуде. Инженерлік-геофизикалық, инженерлік-геологиялық және инженерлік-геодезиялық жұмыстар кешені ҚР ТЖМ "Сейсмология институты" ЖШС-ның жалпы басшылығымен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандарымен бірлесіп орындалады.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі