
Бүгін Күршім-Үлкен Нарын тас жолында жол-көлік оқиғасына тап болған азаматтарға құтқарушылардың көмегі қажет болды. Рөлді басқара алмаған жүргізуші көлігі аударылып қалды. Жедел жәрдем қызметкерлері келген үш зардап шегушіні ауруханаға жатқызды. Алайда, жолаушылардың бірін шығару мүмкін болмады. № 30 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен автокөліктің шатырын ашып, зардап шегушіні абайлап шығарып, дәрігерлерге тапсырды. Төтенше жағдайлар кезінде " 112 " нөміріне қоңырау шалыңыз. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі