Өрт сөндірушілер өрттің орманға және жақын маңдағы үйлерге таралуына жол бермеді

Өрт сөндірушілер өрттің орманға және жақын маңдағы  үйлерге таралуына жол бермеді

Кеше кешке 20 сағат 04 минутта Жаңа Бұқтырма кентінде, демалыс базаларының бірінің ауданында, жазда тұруға арналған 2 қабатты ағаш үйде өрт болды.

         Иелері үйді өз бетімен сөндіруге тырысқан  және олар өртті жеңе алмайтындықтарын түсінген кезде өртке қарсы қызметін шақырған.

         Өрт сөндірушілер келген кезде үй толығымен отқа оранды. Жалпы ауданы 60 ш. м. қабырғалардың, жабындардың, шатырдың, терезе және есік блоктарының, жиһаздың ағаш конструкциялары, Тұрмыстық техника, жеке заттар өртенді.

         Орман массиві мен жақын маңдағы үйлеге қауіп төнді.

         Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермеді және 22 сағат 09 минутта жануды толығымен жойды.

         Өртті сөндіруге барлығы 22 адам, 4 техника жұмылдырылды.

         ШҚО ТЖД өрттерді болдырмау үшін пештерді, каминдерді пайдалану кезінде келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

  1. Мұржаларда тартқыштың болуына және бітелмеуіне назар аударыңыз.
  2. Пештерді орнату, жөндеу және тазалау 2 айда 1 реттен кем емес уақытында орындалуы тиіс.
  3. Жанғыш материалдардан жасалған аражабындар мен шатырдың қиылысатын орындарындағы пеш, камин және түтін құбыры кірпіш қалау - өңдеу қалыңдатылуы тиіс.
  4. Пештерді, каминдерді өртке қарсы шегініссіз пайдалануға тыйым салынады.
  5. Еденде көлемі 50-ден 70 см-ге дейін жанбайтын материалдан жасалған пеш алдындағы парақты орнату қажет.
  6. Пештерді, жанып жатқан каминдерді қараусыз қалдыру, сондай-ақ оларды қадағалауды балаларға тапсыру өте қауіпті.
  7. Пештерді, каминдерді тұтату үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды пайдалануға болмайды.
  8. Жапқышты жаппаңыз, бұл өте қауіпті.
  9. Күл мен көмірді оттықтан аяқтары бар қақпағы бар металл жәшікке жинап, арнайы бөлінген орынға шығару керек. Ғимараттар мен қоршаулардың жанына күл мен көмір тастамаңыз.
  10. Өрт шыққан жағдайда дереу "101" телефоны арқылы өрт туралы хабарлау және алғашқы өрт сөндіру құралдарының көмегімен жану ошағын сөндіруге кірісу.
  11. Есіңізде болсын! Өрт сөндірушілерді уақтылы шақырмау өрттің таралуына және алапат өртке әкеп соғуы ықтимал!

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі