
Соңғы күндері өңірде моншадан шыққан өрт жиілеп кетті. Соңғы оқиға бүгін түнде Өскемен қаласындағы Пограничная көшесінде орын алды. Өрт сөндірушілер өрт шыққан жерге тез жетіп, 15 ш.м. алаңдағы жануды сөндірді. Өрттің себебі – пештің түтіндігін бөлшектеу және төбелік жабынның ағаш құрылымдарынан шегіндіру кезінде өртке қарсы нормалардың сақталмауы.
Дәл сол себепті, бір күн бұрын Риддер қаласындағы Малая Таловка көшесінде орналасқан үйдің моншасы өртенді. Қаланың өрт сөндірушілері 15 ш.м. аумақтағы жануды жойды.
Жыл басынан бастап облыста 70-тен астам монша өртенген және статистика көрсеткендей, моншалар көбінесе пеш жабдықтарын орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, отты абайсыз пайдалану, электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан өртенеді.
Аймақтың өрт сөндірушілері тұрғындардың назарын мынаған аударады-қауіптілігі жоғары аймақ-моншадағы төбелік бөлшек және оны орнату өртке қарсы нормалардың талаптарына сәйкес жүргізілуі керек. Өртке қарсы бөлшек - түтін өткізгіштің ішкі бетінен жабынның жанғыш конструкцияларына дейінгі қашықтық қорғалмаған конструкцияларға дейін кемінде 500 мм және қорғалғандарға дейін кемінде 380 мм болуы тиіс.
Жағу үшін дайындалған отынды, сондай-ақ басқа да жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы темір қағазға орналастыруға және қатты отынмен жанатын пештерді жағу үшін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға тыйым салынады.
Оттықтан шығарылатын күл мен қожға су төгіліп, ғимараттардан (құрылыстардан) кемінде 15 метр қашықтықта орналасқан жерге шығарылуы тиіс.
Тек жарамды электр құралдарын пайдаланыңыз. Іске қосылған электр құрылғыларын жанғыш заттар мен ағаш құрылымдарға жақын орналастырмаңыз.
Өрт шыққан жағдайда 101 және 112 телефондарына хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі