
Ұлан ауданының Асу Бұлақ кентінде бұзау жоғалып кеткен. Кешке иелері үй жануарын таба алмай, таңертең бұзауды қараусыз учаскедегі 3 метрлік жертөленің түбінен тапқан.
Олар құтқарушылардан көмек сұрап, құтқарушылар жертөлеге түсіп, бұзауды арқан жіппен байлап, жануарды «тұзақтан» жануар иесімен бірлесіп алып шықты.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі