Құтқарушылар 300 шаршы метр аумақты қамтыған отпен күресуде.

Құтқарушылар 300 шаршы метр аумақты қамтыған отпен күресуде.

Ақсуат ауылында кафе мен қонақ үй нөмірлері орналасқан 2 қабатты ғимаратта өрт шықты. Шатырдың ағаш конструкциялары, қонақ үй бөлмелеріндегі жиһаз өртенді. Сондай ақ от жеке тұрған шаруашылық блокқа шарпыған.

Келген ШҚО ТЖД Өрт сөндіру есептоптары шамамен 300 ш.м. алаңдағы өртті сөндіруге кірісті, қазіргі уақытта сөндіруге жеке құрамның 8 адамы мен 2 автоцистерна жұмылдырылды. Сонымен қатар Ақжар ауылынан қосымша өрт сөндірушілердің күштері мен құралдары келе жатыр. Жергілікті атқарушы оршандары 2 арнайы көлікпен су жеткізуді ұйымдастырды. Сағат 17.09да өрт тежелді.
Өрттің шығу себебі анықталуда. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД МЫНАНЫ ЕСКЕРТЕДІ, объектілерде міндетті түрде келесі өрт қауіпсіздігі ережелері сақталуы тиіс:
1. Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы Нұсқаулық әзірленуі тиіс.
2.Адамдарды өрт туралы хабардар ету және жарамды күйде болу жүйесі (қондырғысы) қарастырылған.
3. Персонал өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі.
4.Есіктерді өздігінен жабуға арналған құрылғылар жарамды күйде болуы тиіс. Өртке қарсы немесе түтінге қарсы есіктердің (құрылғылардың) қалыпты жабылуына кедергі келтіретін қандай да бір бұйымдарды орнатуға жол берілмейді.
5. Объектіде алғашқы өрт сөндіру құралдары қажетті мөлшерде болуы тиіс.
Өрт кезінде "101" немесе "112"нөмірлері бойынша хабарлау қажет.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі