Дала және жем-шөп дайындау кезіндегі өрттердің алдын алу

Дала және жем-шөп дайындау кезіндегі өрттердің алдын алу

Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің қызметкерлерімен Озерка ауылдық округтерінде жем-шөп дайындау орындарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шаруа қожалықтарының басшыларының және ауыл тұрғындарының қатысуымен дөңгелек  үстел өткізілді.

Дөңгелек  үстел өткізу барысында жем-шөптердің дұрыс сақталуына, маялардың ара-қашықтығына, ауыл-шаруашылық техникаларының жағдайына, жем-шөп сақтау орындарында өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылмауына аса көніл бөлінді.