ШҚО-да жүк көлігі өртеніп кетті

ШҚО-да жүк көлігі өртеніп кетті

Ұлан ауданында «Өскемен қаласы-Семей қаласы» бағыты бойынша 88 км автотрассада қозғалыс кезінде 1993 жылғы «Iveko Fiat» маркалы жүк автомобилінің кабинасының, доңғалақ қақпасының, тентелген бортының жанғыш бөлшектерінің және тауарлық - материалдық құндылықтардың жануы орын алды.

Құтқарушылар жалпы ауданы 30 ш. м. өртті сөндірді.

Өрттің ең ықтимал себебі болып қауіптілігі жоғары қондырғыны абайсыз пайдалану табылады.

ШҚО ТЖД мынаны естеріңізге салады: «Бірінші кезекте автомобильдің өрт қауіпсіздігі оның иесінің қырағылығы мен жауапкершілігіне, оның пайдалану ережелері мен нормаларын сақтауына байланысты».

Сонымен қатар, автомобиль үшін өрт сөндіргіштің болуы маңызды.

Автокөліктте өрттің болуын алдын алу үшін машинаның электр жабдықтарын тиісті күйде ұстау керек, қозғалтқыштың отын жүйесінің жұмысын бақылау керек. Мотор бөлігінде бөгде заттарды қалдырмаңыз. Әсіресе, өздерінің автомобильдерін стандартты құрылымда қарастырылмаған элементтермен толықтыратын жанкүйерлерге сақ болуы керек. Орындықтарды жылыту, тұманға қарсы фаралар, сабвуферлер, оқтама элементтері туралы айтылып жатыр.

Сонымен қатар, мұның бәрі қорғаныс құрылғылары арқылы тікелей батареяға қосылады. Нәтижесінде электр жүйесі шамадан тыс жүктеледі. Оның авариялық жағдайда ұзақ жұмысы ерте ме, кеш пе өртке әкеледі.

Өрт болған жағдайда бірден «101» немесе «112» нөмірлері бойынша хабарлау қажет.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі