
Өскемен, Семей, Зайсан қалаларында, сондай-ақ Ақсуат ауылында "ШҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметтері" өрт сөндіру автоцистерналарының 6 бірлігі жергілікті атқарушы органдарға тапсырылды. Техника алты аудандық әкімдіктерде (Жарма ауданының Қаратөбе ауылы, Глубокое ауданының Секисовка ауылы, Ұлан ауданының Сағыр кенті, Тарбағатай ауданының Құмкөл ауылы, Ұлан ауданының Привольное ауылы, Зайсан ауданының Сарытерек ауылы) тірек өрт сөндіру пункттерін құру үшін берілді.
"ШҚО ТЖД ӨСжАҚЖҚ" ММ аудандық әкімдіктерге берген бұл техника олардың өртке қарсы қару-жарағын күшейтеді және мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендерде пайда болатын тұтанулармен жедел күресуге көмектеседі.
Өңірде барлығы 59 Өрт сөндіру бекеттері жұмыс істейді, олар облыстың елді мекендерін қорғауды қамтамасыз етеді, теңгерімде өрт сөндіру дағдыларын меңгерген 104 жұмыскердің 62 өрт сөндіру техникасы бар.
"Жаңадан құрылған өрт сөндіру бекеттерінің қызметкерлері өздерінің ведомстволық бағынысты аумақтарында өрттерді сөндіру ісіне белсенді қатысады және өз үлестерін қосады. Мәселен, 2021 жылы өрт сөндіру бекеттерінің күшімен мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдарын тартпай 37 өрт оқиғасы өз бетінше жойылды. Өңірде өрт сөндіру бекеттерін құру бойынша жұмыс нәтижелері жеткілікті тиімділікті көрсетті, Шығыс Қазақстанда 2021 жылдың соңына дейін тағы да 3 өрт сөндіру бекетін құру жоспарлануда", - деп атап өтті ШҚО ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Серік Амангелдин.