
08 қыркүйектегі сағат 18.00-де "Өскемен - Риддер" тас жолында жол - көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде жанармай таситын көліктен ЖЖМ төгілді. Оқиға орнына ШҚО ТЖД құтқарушылары жедел келіп, жанудың алдын алу үшін көбік төкті. Оқиға орнына барлығы 4 автоцистерна мен жеке құрамның 15 адамы жұмылдырылды. Жедел жәрдем дәрігерлері зардап шеккен екі адамды ауруханаға жеткізді. Полиция қызметкерлері құтқарушылардың жұмысы кезінде жолды жауып тастады.
Бензин жол төсемінен толығымен алынып тасталды. Манипулятор қондырғысының көмегімен бензин тасушы жолдан шығарылды. Тас жолдағы қозғалыс қазір қалпына келтірілді.
Барлығы 2 тонна ЖЖМ төгілген, оның жалпы сыйымдылығы 18 тоннаны құрады.