
Қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жеке тұрғын үй секторындағы аулаларды аралауды қайта бастады. Басты назарға, бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлері алынды. Шығыс Қазақстанда аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүгедек адамдар, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жалғыз басты қарт азаматтар тұратын 8172 тұрғын үй бар.
Ұлан ауданында құтқарушылар жылыту маусымының жақындауына байланысты көп балалы отбасыларға улы газ датчиктерін орнатты.
«Ұлан ауданының ТЖБ өрт сөндірушілері жылыту пештен келетін қауіп бар үйлерге датчиктерді орнатты. Улы газ жазатайым оқиғалардың себебі болмауы үшін, акцияны шын мәнінде мұқтаж отбасыларда өткіздік.Датчиктер (хабарлағыштар) тұрғын үй-жайларда қауіптілік туралы ескерту мақсатында орнатылады және улы газ датчикке енгенде, оптикалық датчиктің беті бойынша инфрақызыл сәуленің шашырауы кезінде іске қосылады, бұл дабыл сигналының іске қосылуына себеп болады. Хабарлағыш «сигнализатордың» бір түрі ретінде қызмет етеді, өйткені көбінесе жазатайым оқиғалар түнде, тұрғындар ұйықтап жатқанда болады. Бұл тұрғындарға уақытында құтқару шараларын қабылдауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Қанат Әбділов.
Хабарлағыштарды орнатқаннан кейін, тұрғындар оның жұмысқа қабілеттілігін жеке өздері ұстаулары қажет, бастысы уақытында батареяларды ауыстыру және оның тұтастығына зақым келтірмеу қажет.
Азаматтардың өліміне жасалған талдауға сәйкес, қаза тапқандардың негізгі пайызы улы газ шығатын жарықтары бар пештерді пайдаланған жеке тұрғын үйлерде орын алады.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада ШҚО ТЖД мен «Қазмырыш» ЖШС арасында жасалған меморандум аясында, ағымдағы жылдың қыркүйек айында «Қазмырыш» ЖШС-пен ШҚО ТЖД-ға саны 1500 дана улы газ датчиктерінің кезекті топтамасын беру жоспарланған және улы газ датчиктері облыстың 19 қаласы мен ауданына таратылатын болады.
Сонымен қатар ШҚО ТЖД мамандары қауіп-қатер тобындағы (белгілі тұрғылықты жері жоқ, бейәлеуметтік өмір салтын ұстанатын адамдар) тұрмысы нашар отбасылардың тұратын жерлері бойынша 339 рейд жүргізді.