
Құтқарушыларға Глубокое ауданында 2021 жылдың 07 қыркүйегіне қараған түні екі дос жоғалғандығы және Топиха ауылынан 5 шақырым жердегі Үлбі өзенінің жағасында тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті. Олар қиын жерлерден өз беттерінше шыға алмаған екен. Белгілі болғандай, «қаңғыбас-саяхатшылар» өз көліктерімен келіп, серуендеуге жол тартып, орман аймағына шығып, адасып кеткен. 2 шақырым жүріп өтіп, құтқару қызметіне хабарласып, «өз еріктерімен берілген». Іздеуге кинологиялық есеппен, «Хит» атты лабрадормен бірге, ШҚО ТЖД Жедел - құтқару жасағының қызметкерлері келді. Жергілікті жерді аралап шыққан құтқарушылар адасып қалған автокөлікті тапты. Содан кейін жоғалған адамдардың «ізіне түсіп», айқайлап, туристердің нақты орналасқан жерін тапты. Құтқарушылар 1989 және 1991 жылы туған жігіттерді қарап шыққаннан кейін, медициналық көмекке мұқтаж емес екендеріне көз жеткізді. Оларды жеке автокөлікке және жақын елдімекенге дейін алып барды.
ШҚО ТЖД мынаны ескертеді, ешбір жағдайда жергілікті жерді білмей, жорыққа шықпаңыз. Жоспарланған бағыт және шамамен қайту уақыты туралы хабарлаңыз. Өзіңізбен бірге шам, алғашқы көмек жинағы, азық-түлік қоры және ұялы телефон зарядтағышы болуы керек. Егер сіз орманда болсаңыз, қайтып оралуға көмектесетін маршрут туралы детальдарды есте сақтаңыз.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.