
ШҚО ТЖД құтқарушылары 111 рет жануарларға көмек көрсету 8ш3н барған. Көшбасшылар тізімінде сиырлар, жылқылар, иттер және, әрине, мысықтар бар. Бұл жануарлар шұңқырларға, жертөлелерге түсіп, шұғыл жағдайға тап болды, онда мамандардың көмегінсіз олар шыға алмаған еді.
Қызметтің көптеген "клиенттері" мысықтар қызығушылығымен және қорқыныштың болмауымен танымал, сондықтан олар жиі қолайсыз жағдайларға тап болады. Рас, кейде үй жануарларының иелері де ұқыпсыздықпен ерекшеленеді, бірақ ТЖ-ның 80 пайызы марғауларға тиесілі.
"Мысықтар - желдеткіш шахталары бойынша жиі саяхатқа барып тұрады, балкондар мен терезелерден ұшуға лимитсіз абонемент иелері және, әрине, ағаштардың ең биік шыңдарының тұрғындары", - деді ШҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің" бастығы Марат Әбельсейітов.
Өскеменде жаздың басында бір мысық бірнеше күн бойы Әуезов даңғылындағы ағаштың басынан түспеген, сол кезде арнайы автокөліктердің автосатыны пайдалануға тура келді. Бірақ жануар тым қатал екен, тіпті екі құтқарушыны тістеп тастаған. Алайда, операция сәтті аяқталды. Қыста күшіктер бір мектептің аумағында веранда астында кіріп кетіп, шыға алмаған. Мамандандырылған жасақтан келген қызметкерлер төрт аяқтыларды қарапайым аспаптардың көмегімен шығарып алу үшін тұтастай операция жүргізді.
Семей қаласында ТЖ қызметінің қызметкерлері шұңқырға құлап кеткен жылқыларды құтқарды.
Өткен аптада ит пен сиырды құдықтан, биік ағаштан марғауды құтқарылды.
ШҚО ТЖД қызметкерлері жануарларды төтенше жағдайлардан алып шығу оңай емес екенін, әрқайсысына ерекше назар аудару керек екенін атап өтті.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі