
Қазіргі уақытта ШҚО ТЖД қызметкерлері барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жеке тұрғын үй секторындағы аулаларды аралауды қайта бастады. Басты назар, бірінші кезекте, әлеуметтік осал азаматтардың үйлеріне аударылады.
Дәл осындай үйлерде өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша аянышты жағдай байқалады. Іс жүзінде әрбір үйде өрт сөндірушілер жыл сайын ескірген электр сымдарымен, пеш жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзумен байланысты 2 және одан да көп бұзушылықтарды анықтайды.Шығыс Қазақстанда аз қамтылған көп балалы отбасылар, мүгедек адамдар, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж жалғыз басты қарт азаматтар тұратын 8172 тұрғын үй бар. Алғашқы суық түскенге дейін ШҚО ТЖД құтқарушылары аталған отбасылардағы өрт қауіпсіздігі және түтін мен улы газдың пайда болуына әсер ететін, орнатылған 5632 датчиктің жай-күйіне мониторинг жүргізді.
Жақын арада ШҚО ТЖД мен «Қазмырыш» ЖШС арасында жасалған меморандум аясында, ШҚО ТЖД облыстың 19 қаласы мен ауданына таратылатын және халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлеріне орнатылатын, 1500 дана улы газ датчиктерінің кезекті топтамасын беру жоспарлап отыр.
«Мұндай сигнализаторды орнату арқылы улы газбен улану ықтималдығын жоюға болады. Сигнализаторлардың жұмысы табиғи конвекция әдісімен ауаны жылжыту принципі бойынша жүзеге асырылады. Ауа массалары жабдыққа салынған сезімтал элементтер арқылы қозғалады. Улы заттардың рұқсат етілген концентрациясы жоғарылаған кезде улы газ датчик-сигнализаторы іске қосылып, тұрғындарға қауіп туралы хабарлайтын дыбыстық авариялық сигнал береді», - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Серік Амангелдин.
Датчиктердің болуына қарамастан, тұрғындар пештерді дайындау туралы алдын ала ойлаулары керек, өйткені тұрғын үйдің қауіпсіздігі олардың жағдайына байланысты
Өңірде пешпен жылытылатын 238 110 тұрғын үй бар. Оның ішінде 179 262 жеке тұрғын үй, 31 109 көп пәтерлі тұрғын үй (оның ішінде екі және одан да көп қожайындары бар бір қабатты тұрғын үйлер, 27 739 саяжай үйлері).
ШҚО ТЖ департаменті ЖАО және ұйымдармен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, тұрақты негізде жүргізетін профилактикалық жұмыс тұрғын үй секторындағы өрттердің санын 2020 жылмен салыстырғанда 32,6% - ға және қаза болғандардың санын 5% - ға төмендетуге мүмкіндік берді.
Мамандар жылыту маусымы қарсаңында жеке тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берді:
- жылыту пештерінің түтін құбырлары, түтіндіктері және басқа да элементтері тікелей жылу беру алдында, сондай – ақ жылыту маусымы кезінде жылыту пештері- кемінде үш айда бір рет, үздіксіз жұмыс істейтін пештер- кемінде екі айда бір рет күйеден тазартылады;
- түтін арналары өтетін шатырларда және үй-жайларда барлық түтін құбырлары мен қабырғалары әктеледі;
- жылыту пешінің алдында көлемі 50*70 см металлдан жасалған парақ болуы тиіс;
- қызған күл мен қожды оттықтан шығарғаннан кейін арнайы бөлінген орынға шығарып, сумен сөндіріледі.
Жылыту пешін қауіпсіз пайдаланудың маңызды факторы болып жылыту пешін дұрыс орналастыру табылады. Сонымен, жылыту пешінде жанғыш құрылымдардан нормалармен белгіленген өртке қарсы бөлу (шегініс) болуы керек.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі