Өмірінің мәні болған іс

Өмірінің мәні болған іс

5 жыл бұрын өрт сөндіру-құтқару спорты 16 жасар Виктор Коршактың өмірлік ісіне айналды. Ол Өскемен қаласында туып-өскен, қазір 10-сыныпта оқиды және бірнеше рет Қазақстан чемпионы атанған, ал 2019 жылы жеке есепте жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында кедергілері бар жүз метрлік жолақтан өтуде 2-ші орынға ие болды. Виктор 20 жарысқа қатысқан.

- Виктор, тіпті сенің есімін жеңімпаздың есімі, есімінді кім қойды?

Менің әкем

- Бұл спортқа қалай келдің және бәрі қалай басталғандығын айтып берші? Неліктен осы спорттың түрін таңдадын?

Танысым шақырды, уақыт өте келе ол осы іспен айналысқанды тоқтатты, ал мені бұл іс одан әрі еліктіріп әкетті.

- Басында қандай қиындықтарға тап болдың?

Оқу мұнарасының 2-ші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу  мен үшін мүмкін болмады. Мен басқа жігіттер сияқты қажетті жылдамдықты ала алмай, баспалдаққа көтеріле алмадым. Бастау қиын болды. Меннәтижеге жетуім үшін бар күш - жігерімді салуым керек дегенөз-өзіме мақсат қойдым. Баяу болса да, осы мақсатқа қарай жүрдім.

- Қандай нәтижеңді ерекше мақтан тұтасың?

Ресей Федерациясының Саратов қаласында 2019 жылы өткен Әлем чемпионатында кедергілері бар жүз метрлік жолақтан өтуде жасөспірімдер арасындағы жеке есепте 2-орын. Бақытымда шек болмады. Жүз метрді еңсерудегі уақыт бойынша нәтиже17, 98 секунд.

- Егер спортшы жаңа ғана жол бастаса, қандай кеңес берер едің?

Біріншіден, ең басында көп адамдар сияқты бірден бас тартпаңыз. Өзіңізге сеніңіз,күмәнданбаңыз. Тек  қана осылай, тек алға. Табандылық пен еңбек тұрақты досыңыз болсын.

-Арманың қандай?

Мен ТЖМ жүйесінде қызмет еткім келеді, полковниктен кем емес атаққа жеткім келеді, мен үшін өсу, даму, ұмтылыс маңызды, бір орында тұра алмаймын.

- Егер спортшы болмасаң қандай мамандықты таңдайтын едің?

Менің көршім алысқа қатынайтын жүргізуші, маған бұл мамандықты игеру әрқашан қызықты болды. Бірақ спорт менің өмірімде бәрін өзгертті, басқа мақсаттар пайда болды. Мен құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің оңай емес, бірақ қызықты жұмысын өзіме аштым.

- Жаттығудан кейін қалай демаласың, хоббиің бар ма?

Мен серуендегенді, табиғатта болғанды ұнатамын.

-Сен оқыған соңғы кітап?

Қазір мемлекеттік тілді меңгеріп жүрмін, оқулықтарды оқимын.

-Ең болмағанда бір рет қайырымдылыққа қатыстын ба?

Ия, жиі. Әсіресе кішкентай балаларды емдеуге.

-Енсең түскен жағдайлар болды ма,  қалай сол жағдайдан өз-өзіңді алып шықтың ?

Жақында болды. 2021 жылғы тамызда Хорватияда өткен Әлем чемпионатына қатыспағаныма өкінемін. Көңіл-күйім түспеу үшін жаттығып, теріс  ойлар туралы ойламауға тырыстым.

-Жарыстың алдында қандай да бір рәсімдерін немесе ырымдарынбар ма?

Жоқ, мен оны жарыс алдында ондай нәрселерді қолданбаймын. Тек өзіне деген сенім өзінді құтқарады және көмектеседі.

- Жаттығулар қандай жиілікпен өтеді?

Күн сайын 3,5-4 сағат.

- Қарсыласың несімен сенітаңқалдырды?

Өрт тармақтақтарын жылдам қосу біліктілігімен, ұқыпты және қатесіз. Осындай Ресей мен Беларусь спортшылары менің қарсыластарым болды.

- Отбасын туралы айтып берші?

Менің анам-аспаз, әкем-слесарь жәнекіші інім бар, ол 6 жаста.

- Осындай травматикалық  спортқа туыстар мен достарыңның көзқарасықалай?

Ата-анам-түсіністікпен. Достарым спортты қауіпті деп санайды, кейде қандай жылдамдықпен кедергілерді еңсеретінімді естігенде,шошиды. Кез-келген дұрыс емес жасалған қозғалыс жарақатқа алып келуі  мүмкін және өте ауыр болуы мүмкін.

- Жарыс алдындағы құнды және пайдасыз кеңес туралы айтып берші?

Бумнан бірден итерілу және еңсеру керек деген кеңес пайдасыз болды, ал пайдалысы- тармақталудан бұрын қадамдарды таңдау және бұл кедергіні жеңуде құлап кетпеу болды.

- Спортқа деген жеке көзқарасыңызды 5 сөзбен тұжырымдап берсең?

Тек еңсерілмейтінді жеңе білетіндер үшін күрделі, қызықты, қауіпті, жылдам.

«Жас спортшы-жігіттердің көпшілігі болашақта азаматтардың қауіпсіздігі үшін қызметпен байланысты мамандықты таңдайтынына сенімдімін. Қалай болғанда да, жақсы физикалық дайындық олар үшін басқа спорт түрлерінде пайдалы болады, ал өмірде де алған дағдылар қажет болуы мүмкін», - деп қорытындылады Виктор жаттығу соңында.