Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрдасы

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің құрдасы

Әсем Бахтханқызы Көккөзева 1991 жылы 30 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Үлкен-Нарым ауылында дүниеге келген.

2014 жылы Қазақстан-Американдық еркін университетін «Мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару» мамандығы бойынша, 2019 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық университетін «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген.

2016 жылы қабылдау бойынша өткізілетін конкурс туралы газетте хабарландыруды оқып, төтенше жағдайлар қызметіне кездейсоқ қызметке орналасқан. Шемонаиха ауданының №28 өрт сөндіру бөлімінде радиотелефонист лауазымынан бастаған.

3 жылдан кейін ШҚО ТЖД Глубокое ауданының ТЖ бөлімінде инженер болып жұмыс істей бастады. Өрт қауіпсіздігі бойынша нысандарды, тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігінің алдын алуды тексеріп, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеуді және халықты оқытуды ұйымдастырды.

2021 жылдың мамыр айында - ШҚО ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ кадр саясаты бөлімінің инспекторы лауазымын атқара бастады.

Азаматтарға көрінбейтін жұмыстың артында таңертеңгі және кешкі жиналыстар , мыңдаған құжаттары бар мұқабалар тұр. Жұмыстың ауқымы көлемді.

Жеке уақытпен санаспай, Әсем ерлермен қатар қызмет атқарады. Погондағы қызмет оның мінезінің негізгі ерекшеліктерін қалыптастырды: жинақылық, орындаушылық, жауапкершілік.

«Кадрлық бөлімшелердегі қызмет мен үшін ерекше мәнге ие. Мен үнемі тәжірибе жинаймын, оқимын, кәсіби біліктілігімді арттырамын. Жеке құраммен жұмысты жеңіл деп айтуға болмайды», - деп атап өтті азаматтық қорғау аға лейтенанты.

Әсем жұмыстан бос уақытында волейболмен айналысады. Ол бүкіл әлем бойынша саяхаттауды, әртүрлі халықтар мен ұлттардың мәдениетімен танысуды, әлемнің барлық теңіздерінде жүзуді армандайды.

«Менің алғашқы арманым орындалған кезде-төтенше жағдайлар жүйесінде жұмыс істеу, әрі қарай да мақсат қойып, оларға жету керектігін түсіндім. Мен

өз жұмысымды жақсы көремін және өңіріміздің игілігі үшін қызмет ете алатынымды мақтан тұтамын», - дейді Әсем.