Мал азығын сақтайық

Мал азығын сақтайық

2021 жылдың 27 тамызында сағат 15.49 Көкпекті ауылының №33өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунтіне Тассай ауылдық округінің аумағында құрғақ шөп пен шабындық жанып жатқаны туралы хабар келіп түскен. Осы өртті сөндіру үшін өртке қарсы қызметінің қызметкерлерінен басқа жергілікті тұрғындар мен Тассай және Құлынжон ауылдық округінің өрт сөндіру бекеттерінің техникасы, ауылдық әкімдік қызметшілері мен шаруа қожалықтарының жұмысшылары қатысты. Өрттің нәтижесінде бірнеше гектар шабындықпен жиналған дайын мал азығы жанып кетті.Өрттен келген шығын мөлшері 350000 теңгені құрады.

Өрттің шығу себебін анықтау бойынша жүргізілген тексеріс нәтижесінде өрттің Т-25 тракторының ұшқынөшіргішінің ақаулығынан пайда болғаны анықталды. Осы трактордың 31 жастағы иесі анықталып, ол айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.и Сонымен қатар трактор иесі шабындық иелеріне келтірілген шығынды өтеуге тиіс.

Ауыл шаруашылығы алқаптарында өрттердің алдын-алу мақсатында Көкпекті ауданының ТЖБ ҰСЫНАДЫ:

Астық жинау кезеңi басталмас бұрын, оған жұмылдырылған барлық тұлғаларға өртке қарсы нұсқаулықтан өту қажет, ал жинау агрегаттары мен автомобильдерi алғашқы өрт сөндiру құралдарымен (комбайндардың барлық типтерi – екi өрт сөндiргiшпен, екi iстiк күрекпен және екi сыпырғышпен, тракторлар – бiр өрт сөндiргiшпен, бiр iстiк күрекпен), дұрыс ұшқын сөндіргіштерiмен жабдықталады және қоректендiру, оталдыру және майлау жүйелерi реттеледi.

Мал азығын тасымалдау арнайы жабдықталған көлiк құралымен жүзеге асырылады, олардың пайдаланылған құбырлары радиатордың астына шығарылады және ұшқын сөндіргіштермен жабдықталады.

Мал азығын тасымалдауға арналған көлiк құралдары екi ұнтақты өрт сөндiргiшпен қосымша жабдықталады.

 

Көкпекті ауданының ТЖБ