
Мектеп белгілі бір уақытта әр адамның өмірінде өте маңызды рөл атқарады. Оқушылар үшін бұл тек білім алатын орын ғана емес, сонымен қатар қарым-қатынас көзі, мұғалімдер үшін бұл жұмыс, сондықтан мұнда барлығы үшін ыңғайлы және қауіпсіз болу керек.
Біздің әрқайсымыз жұмыс орнында, үйде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауымыз керек. Өйткені өрт барлық жерде: үйде, мектепте, сауда орталығында, көшеде, ашық аумақта, жыл мезгіліне, тәулік уақытына қарамастан пайда болуы мүмкін. Объектінің өрт қауіпсіздігі өрттің алдын алу және өртке қарсы қорғау жүйелерімен, оның ішінде ұйымдастыру – алдын алу іс-шараларымен қамтамасыз етілуі тиіс.
Өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын түсіндіру мақсатында мектеп және мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерімен Семей қ.ТЖБ МӨББ қызметкерлері үшін өрт қауіпсіздігі бойынша сабақтар өткізді.
Сабақ өткізу кезінде бөлім қызметкерлерімен өрт статистикасы, олардың пайда болу себептері, білім беру объектілері үшін өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт туындаған кездегі персоналдың іс-қимыл тәртібі, Алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану қағидалары айтылды.
Өрт туындаған жағдайда балалардың қауіпсіздігі оқу орындары қызметкерлерінің сауатты, үйлесімді іс-қимылдарына байланысты.
Семей қ. ТЖБ МӨББ бас маманы Жанат Насымхан