Риддер қаласындағы Островский көшесі бойынша құдыққа бұзау құлап қалған. Оқиға орнына жедел ШҚО ТЖД МӨСБ-1 құтқарушылары келіп, құтқару арқаны арқылы бұғаудан жануарды алып шықты. Жануарға ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.
ШҚО ТЖД төтенше жағдайлар кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлауды естеріңізге салады.
Құтқарушылар жануарлардың иелеріне өз жануарларын қараусыз қалдырмауға кеңес береді.
ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі