Құтқарушылар шұңқырға құлаған әйелге көмек көрсетті

Құтқарушылар шұңқырға құлаған әйелге көмек көрсетті

Молдыбаев көшесінде 1975 жылы туған әйел шамамен 2,5 метр тереңдікте шұңқырға құлап, өз бетінше шыға алмай қалған. Оқиға орнына жедел келген ШҚО ТЖД Мамандандырылған жасағының құтқарушылары зардап шеккен адамды қауіпті аймақтан мұқият шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тексеру үшін тапсырды. ШҚО ТЖД ескертеді: қауіпсіздік шараларын сақтаңыз. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі