
2021 жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстанда көппәтерлі үйлердің терезелерінен 4 бала құлап кетті. Оқиға Өскемен, Алтай, Семей, Бородулиха аудандарында тіркелген. Өткен 2020 жылы осындай 9 жазатайым оқиға орын алды.Балалар түрлі жарақат алды. Әдетте, балалардың құлауы ересектер тарапынан тиісті бақылау болмаған кезде орын алады, балалар терезе алдына тіреуіш ретінде тұрған жиһаз заттарын пайдалана отырып, терезе алды тақтайына өздігінен көтеріледі, москит торына сүйенеді және онымен бірге терезеден түседі, - деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысы ТЖД-де. ШҚО ТЖД ата-аналарына жүгінеді. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға жауапкершілікпен қарау, балалардың терезеден құлау мүмкіндігін болдырмау шараларын қабылдау қажет. -кішкентай балаларды терезелері ашық үй-жайларда жалғыз қалдырмаңыз. - үлкен балалармен терезелердің қауіптілігі туралы сөйлесіңіз. - Ешқашан москит торларына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған!
4. Мүмкіндігінше, терезелерді (желдеткіштерді) төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.
5. Бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге блокаторлар (арнайы бекіткіштер) орнатыңыз бұл баланың терезені бірнеше сантиметрден артық ашуына мүмкіндік бермейді. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі