
Жыл сайын оқу жылы қарсаңында "Мектепке жол" дәстүрлі Республикалық қайырымдылық акциясы өтеді. Осы акцияның көмегімен әрбір бей-жай қарамайтын адам көп балалы, аз қамтылған отбасыларға және қамқорлықтағы балаларға қолдау көрсете алады.
Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындау үлкен қаражат жұмсуды талап етеді, ал қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасылар үшін бұл жағдайды шешу қиын. Бақытымызға орай, осындай жағдайларда көмек болып табылатын қайырымдылық акциялары арқылы көмектесетін көптеген мейірімді жандар бар.
Риддер қаласының ТЖ Басқармасы, 1-ӨСБ және14-ӨСБ өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері дәстүрлі түрде қайырымдылық іс-шараларына қатысуда. Құтқарушылардың өздері мойындағандай, олар үшін қиын сәтте көмекке келу өте маңызды. Өйткені, өмірдің мәні тек өзіңіз үшін сүру ғана ғана емес, басқаларға қолдау көрсету, қоғамға пайда әкелу болып табылады. Осы акция аясында бүгінгі күннің батырлары шетте қалмай, балаларға мектепке жиналуға көмек көрсетті. Балалар риза болып жақындары тарапынан көмек көрсеткені үшін үлкен алғыс айтылды.
Осы іс-шараға ШҚО ТЖД барлық аудандық бөлімшелері қатысуда. Балалар үшін кеңсе тауарларының жиынтығы сатып алынуда.
Құтқарушылардың айтуынша, олар үшін "Мектепке жол" акциясы - игі дәстүр. Балалар көптен күткен мектеп керек-жарақтарын күтіп қана қоймай, олар үшін бұл құтқарушылармен сөйлесуге, оларға қызықтыратын сұрақтар қоюға және құтқарушылармен кездесуге, қуануға мүмкіндік береді.
Риддер қ. ТЖБ