Білім беру объектілерінің басшылары үшін өрт қауіпсіздігі

Білім беру объектілерінің басшылары үшін өрт қауіпсіздігі

Семей қ.ТЖБ қызметкерлері білім беру объектілерінің басшыларымен ZOOM режимінде бейнеконференция өткізді. Қаралатын мәселелердің бірі білім беру объектілерінде өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету және сақтау, мекеме қызметкерлерімен нұсқаулықтар өткізу, өрт қауіпсіздігі бұрыштарын жаңарту болды, сондай-ақ кездесуде қатысушылар шомылу маусымының қорытындыларымен және балалардың терезеден құлауының алдын алумен танысты.

Қатысушыларға білім беру объектілері үшін өрт қауіпсіздігі талаптары, өрт туындаған жағдайда адамдарды эвакуациялау бойынша мектептерде жаттығулар өткізу қажеттілігі туралы, өрт қауіпсіздігі қағидаларын зерделеу бойынша балалармен сабақтар өткізу туралы ұсыныстар берілді және айтылды, Біздің балаларымыздың көп уақытын мектептерде өткізетінін ескере отырып, олардың қауіпсіздігі туралы қамқорлық жалпы білім беретін мектептердің қызметкерлері мен басшыларының мойнына түседі.

Семей қ. ТЖБ МӨББ