
24 тамызда Семей қ.ТЖБ қызметкерлерінің ақпараты бойынша Озерка а/о, Балтатарақ ауылында шаруашылық құрылыс, тұрғын үйдің ағаш конструкцияларына көшіп өртеніп жатыр. Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген бойда шаруашылық құрылыс толығымен жанып кетті, жалпы алаңы 130 ш.м. үй қабырғасының ағаш конструкциялары, төбе жабыны, терезе ойықтары, жеке заттар, жиһаз, құжаттар өртенді. Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 27 литр 1 газ баллонын тауып, шығарды. Үй иелері оқиға орнында, зардап шеккендер жоқ.
Өрттің алдын ала себебі: отты абайсыз қолдану, балалардың тентектігі.
Отты абайсыз қолдану өрттің пайда болуының ең көп тараған себебі болып табылады.
Семей қаласының ТЖ басқармасы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады. Өрт қауіпсіздігі шараларын елемеу өте қауіпті.
Өрт шыққан жағдайда дереу "112"нөміріне қоңырау шалыңыз!