
ШҚО ТЖД қызметкерлері "Мектепке жол" республикалық акциясына қатысты. Өскемендік көпбалалы отбасына құтқарушылар балаларды мектепке жинауға көмегін тигізді. "Бұл акцияға көп жылдан бері қатысып келеміз, қиын минуттарда көмекке келу құтқарушылар үшін тұтастай бір дәстүр. Мақсаты-жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде аз қамтылған, көп балалы отбасыларына көмек көрсету. Жыл сайын акцияларға қатысушылардың саны артып келе жатқанын көреді",-деп атап өтті ТЖД-да. Сондай-ақ, қайырымдылық іс-шаралар аясында барлық облыс бойынша ШКО ТЖД бөлімшелері көмек қажет ететін отбасыларына арналған рюкзак, формалар мен кеңсе тауарларын алуға көмек көрсетеді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі