Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілер Көкпекті және Аягөз аудандарында шөпті шарпыған өрт апатымен күресуді жалғастыруда.

Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілер Көкпекті және Аягөз аудандарында шөпті шарпыған өрт апатымен күресуді жалғастыруда.

Шығыс Қазақстанда өрт сөндірушілер Көкпекті және Аягөз аудандарында шөпті шарпыған өрт апатымен күресуді жалғастыруда. Оларға жергілікті атқарушы органдар мен орманшылар көмектесуде.

Көкпекті ауданындағы "Ключи" учаскесінде құрғақ шөп 45 Га алаңда жанып жатыр, Аягөз ауданында Қара Божыр учаскесінде 25 Га және Үмбетай учаскесінде 10 Га құрғақ шөп өртенді. Барлығы 88 өрт сөндіруші мен ШҚО ТЖД 12 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 13 техникасы мен 92 адамы, орманшылардан 10 адам мен 2 техника жұмылдырылған. Өртті сөндіру желдің соғуы, арнайы техника мен өрт сөндіру машиналарын маневрлеу іс жүзінде мүмкін болмайтын жету қиын жерлер қиындатуда. Сонымен қатар, Марқакөлде өрт қауіптілігінің 1 санаты, Өскемен және Риддер қалаларында, Алтай ауданында 2 санат, Семей қаласында, Бесқарағай, Бородулиха, Катонқарағай, Күршім аудандарында 3 санат, Самар ауылында 4 санат, Үржар ауданында 5 санат байқалады. ШҚО ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады: - ашық аумақта кез келген жағдайда шөпті жағуға болмайды - балаларға отпен және сіріңкемен ойнаудың қауіптілігі туралы түсіндіру -жол жиегін бойлай автомобиль терезелерінен сөндірілмеген темекі тұқылын тастауға жол бермеу - өртті байқаған жағдайда бірден "101" және "112"телефондарына хабарлау қажет Рұқсат етілмеген өрт қою, ауыл шаруашылығы алқаптарында құрғақ шөптің бақылаусыз жануы, орылған шөпті жағу және орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгеніне назарларыңызды аударамыз. Шаруа қожалықтарына, бірінші кезекте ені кемінде 4 м қорғау минералдандырылған жолақтарды орындау қажет; - шаруа қожалықтарының жұмысшыларымен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар ұйымдастырсын. - егістікте жұмыс істейтін техниканы өртке қарсы құрал-саймандармен және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықтау қажет. Жинау агрегаттары-екі өрт сөндіргішпен, екі істік күрекпен және екі сыпырғышпен, тракторлар - бір өрт сөндіргішпен, бір істік күрекпен. Ұшқын сөндіргіштерді орнатыңыз.