Семей қ. отты абайсыз қолдану, адамның өліміне әкелді

Семей қ. отты абайсыз қолдану, адамның өліміне әкелді

2021 жылғы 22 тамызда сағат 01-31-де Восточный саяжай массивінің жеке үйіндегі өрт туралы ақпарат келіп түсті. Өрт сөндірушілер шақырту орнына келген бойда қабырғалардың, еденнің, төбелік жабынның ағаш конструкциялары, терезе және есік блогы, жиһаз, жеке заттар жалпы ауданы 20 ш.м. жанып кетті. Барлау барысында залда еденде әйелдің жанған мәйіті табылды. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 7 адам, оның ішінде 2 бала үйден өз бетінше шықты.

Айта кету керек, бұл жағдайда ішімдікке салынудың айқын фактісі осындай қайғылы салдарға әкелді.

Өрттің алдын-ала себебі: электр жабдықтарын орнату және монтаждау кезінде өрт қауіпсіздігі техникасын сақтамау, темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану.

Отты абайсыз қолдану өрттің пайда болуының ең көп тараған себебі болып табылады.

Семей қаласының ТЖ басқармасы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттілігін еске салады. Шатырлы және жертөле үй-жайларында, дәліздерде, қоймаларда және әртүрлі шаруашылық құрылыстарында темекі шегу, ашық отты аспаптарды (фонарьлар, шырақтар, дәнекерлеу шамдары және т.б.) пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын елемеу өте қауіпті. Өрт құрылыстардың жанында жағылған алаудан да пайда болуы мүмкін.

Темекі шегу кезінде отты абайсыз пайдалану нәтижесінде өрттің пайда болу себебін атап өткен жөн. Адамдардың сөндірілмеген сіріңкелер мен темекі тұқылдарын ағаш заттарға немесе отпен шамалы жанасқанда тұтануы мүмкін заттардың жанына лақтыратынын, бұл үшін бөлінбеген орындарда темекі шегетінін жиі көруге болады. Жанғыш материалдың бықсуын тудырып, темекі тұқылының өзі біраз уақыттан кейін сөнетіні анықталды. Бірақ ол қалыптастырған бықсу ошағы біраз уақыттан кейін өртке айналады.

Өрт шыққан жағдайда дереу "112" нөміріне қоңырау шалу қажет!