
Велосипед теуіп жүрген кезде бала аяғын арматурамен қысып алды. Белгілі болғандай, құлаған кезде тежегіш тұтқасы жамбастың ішкі бөлігіне кіріп кеткен. Оқиға орнына жедел келген Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері гидравликалық құралдың көмегімен рульді қиып алып, зардап шеккен 2011 ж.т. баланы зембілге салып жедел жәрдем каретасына тапсырды. ШҚО ТЖД ата-аналарға балаларына қауіпсіздік шараларын түсіндіру және оларды қараусыз қалдырмау қажеттілігі туралы ескертеді. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі