2021 жылғы 20 тамыз күні Алтайка кентіндегі Бұқтырма су қоймасында ересектердің қарауынсыз қалған 2014 жылы туған бала жабдықталмаған орында суға шомылған кезінде суға батып кетті. Құтқарушылар денені 21 тамыз күні 2,5-3 метр тереңдікте тапты.
ШҚО ТЖД қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ескертеді:
- балаларды қараусыз қалдырмандар;
- тыйым салынған және жабдықталмаған орындарда суға түспендер;
- суға түсу шекараларын белгілейтін буйлардан асып суға түспендер;
- катерлерден, айлақтардан, қайықтардан, сонымен қатар осы мақсаттарға арналмаған құрылғылардан суға секірмендер;
- тексерілмеген және жабдықталмаған орындарға суға сүңгірмендер;
- техникалық және ескерту белгілерге, буйларға шықпандар;
- тәуліктің қараңғы кезінде суға кірмендер, суға түспендер;
- алкогольдік және наркотикалық маскүнемдік жағдайда суға кірмендер.
ТЖ пайда болған жағдайда 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.
ШҚО ТЖД баспасөз-қызметі