Бүгін Бородулиха ауданында құтқарушылар көмек көрсетті

Бүгін Бородулиха ауданында құтқарушылар көмек көрсетті

Белгілі болғандай, жеңіл көлік Новошульба орманшылығы ауданындағы орман алқабында келе жатып сынып қалған екен. Көлікте 4 адам, оның ішінде 1 бала болды. Оқиға орнына жедел келіп жеткен 21-ӨСБ құтқарушылары Жаңа Шүлбі ауылына дейін жолаушыларды тасымалдады. ШҚО ТЖД төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша көмек сұрау қажеттігін еске салады. Жолға шыққанда міндетті түрде өз автомобиліңіздің жарамдылығын тексеріңіз.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі