
Соңғы уақытта шұғыл қызметтер үшін өзекті мәселелердің бірі – ғимараттар мен тұрғын үйлерге өту жолын жабу. Тұрғындар барлық аулаларда автокөліктерді тұраққа қояды. Тіпті "жеңіл автокөлікке" түнгі уақытта ауладан өту мүмкін емес, ал өрт сөндіру машинасы туралы не айтуға болады? Осыған байланысты полицейлер мен құтқарушылар Семей қаласының көппәтерлі тұрғын үйлерінің аулаларына рейд жүргізді. Рейд қорытындысы бойынша 5 бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабы 3-бөлігі "Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу" бойынша тартылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері "Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру" 614-бабын сақтауға назар аударды. "Өрт сөндіру кезінде, біз өрт гидрантынан суды пайдалану мүмкіндік болмайтын мәселемен жиі кезігеміз, өйткені ол көліктермен жабулы. Өрт шыққан подъезге шығуға мүмкіндік жоқ. Өрт сөндіру құбыртүтіктерің төсеп, өрт оқпандарын көтеріп, өртті сөндіру керек. Бірақ баспалдақ түтінге толған кезде және көмекке мұқтаж адамдарды тез құтқару қажет болғанда, мысалы, балкондардан. Аулаларды тұрғындардың көліктерімен толып тұрған жағдайында бұл мүмкін емес. Автосаты (АЛ-30 немесе АЛ-50) өзі өте габаритті техника. Бұл жерде белгілі бір алаң қажет, дәл сонда тұраққа қойылған машиналар жиі тұрып алады", - дейді Семей қаласының ТЖБ бастығының орынбасары Әлібек Тұрсынханов. Өрт сөндіру және басқа да арнайы техника мен жедел жәрдем үшін жол бос болуы тиіс, қиындықтар көп уақыт жоғалтуға әкелуі мүмкін, ал бұл өз кезегінде азаматтардың өміріне және олардың мүлкіне қауіп төндіреді.
ШҚО ТЖД баспасөз қызмет