ТЖК кезекті отырысында бірқатар маңызды тақырыптар қаралды

ТЖК кезекті отырысында бірқатар маңызды тақырыптар қаралды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ержан Нұрбаевтың төрағалығымен өткен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында тұрғын үйлердің алдағы жылыту кезеңіне қатысты өрт қауіпсіздігі, аттракциондарды пайдалану және алдағы "Жер-2021"республикалық оқу - жаттығулары талқыланды. ШҚО ТЖД мамандарының деректері бойынша ағымдағы жылдың басынан бері облыс бойынша 950 өрт тіркелген, оның 582-сі тұрғын үй секторында, қаза болғандар саны 33 адамды құрады. Улы газбен уланудан 56 адам зардап шекті. Орын алған өрттердің себептерінің ішінде ең көп тарағандары: отты абайсыз қолдану (249 өрт), пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу (160 өрт), электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу (81 өрт). Азаматтардың улы газбен уланудан қаза болуы және жарақаттануы жылыту кезеңінің өткір проблемасы болып табылады. Көбінесе жазатайым оқиғалар түнгі уақытта немесе таңертең адамдар ұйықтап жатқанда болды. 2021 жылдың шілде айынан бастап жылыту маусымына дайындық жұмыстары басталды. Облыс аумағында барлығы 238 110 тұрғын үй тіркелген. Жұмыстың негізгі бағыты өрттің, адам өлімінің алдын алуға және қаупін азайтуға бағытталған. Құтқарушылардың ерекше және мұқият назарында 8172 әлеуметтік осал отбасы болады. ШҚО ТЖД мен "Қазмырыш" ЖШС арасында жасалған меморандум аясында ағымдағы жылдың қыркүйек айында "Қазмырыш" ЖШС 19 қала мен облыс аудандарына таратылатын 1500 дана улы газ датчиктерінің кезекті партиясын беруді жоспарлап отыр. Отырыстың екінші тақырыбы Аттракциондардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің мамандары заңнамаға сәйкес аттракциондарды есепке қою, техникалық куәландыру, олардың пайдаланылуын бақылау және орнатуға рұқсат алу Жергілікті атқарушы органдарға жүктелгенін атап өтті. Жеке кәсіпкер қызметкерлердің дұрыс жұмыс істеуі мен біліктілігіне, оқуына жауап береді және ұлттық стандарттың нормалары мен ережелерін сақтамағаны үшін жауап береді (ҚР СТ 3359-2019). Аттракционды пайдалануға жіберу техникалық куәландыру, аттракционды қадағалау мен пайдалануды ұйымдастыру осы стандарттың талаптарына сәйкестігін бағалау нәтижелері және аттракционды қарау нәтижелері негізінде пункттерге сәйкес жүзеге асырылады Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің қиратушы жер сілкінісі туындаған кезде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға әзірлігі қорытынды мәселе болды, 2021 жылғы 21-22 қыркүйек аралығында "Жер-2021"халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Облыс әкімі орынбасарының басшылығымен, құрамында Шығыс қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, ШҚО жұмылдыру дайындығы басқармасының, облыстық Азаматтық қорғау қызметтерінің өкілдері бар жедел топ құрылды, олар

"Жартасты қала-Астана"оқу-жаттығуын өткізу ауданына колонналық техникамен марш жасайды. ШҚО ТЖД баспасөз қызмет