
Өңірде барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, профилактикалық іс-шаралар жалғасуда. ШҚО ТЖД құтқарушылары балалардың қауіпсіздігіне бағытталған кезекті акция ұйымдастырды. Балалар көп жиналатын орындардың бірінде, "Бумфети" бөлімінде ШҚО ТЖД мамандары викторина өткізіп, ерекше тәсілмен сұрақтар қойды. Өрт қауіпсіздігі мәселесінде тапқыр және сауатты ұлдар мен қыздар құтқарушылардан сыйлықтар алды. "Оқу жылына дейін санаулы күндер қалды, біздің міндетіміз балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салу, оларды демалыста да, мектепте де, балабақшада да қолдану. Күн сайын облыста түрлі деңгейдегі өрт болады. Өрт сөндірушілер күшейтілген режимде жұмыс істейді және үнемі сергек. ШҚО ТЖД қызметкерлері тұрақты негізде рейдтер жүргізеді. Бірақ өрттің алдын алудағы ең бастысы - жас кезінен бастап салдары қаншалықты ауыр болатынын және қандай ережелерді есте сақтау керектігін түсіндіру", - деп атап өтті ШҚО ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бас маманы Анастасия Скляр. Акция өрттің алдын алу, өрт қауіпсіздігі негіздерін оқыту, мінез-құлық қауіпсіздігінің деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
ШҚО ТЖД баспасөз қызметі