Туристерге дер кезінде көрсетілген көмек

Туристерге дер кезінде көрсетілген көмек

14 тамыз күні Абай ауданында Тоқтамыс ауылынан 20 шақырым жерде, Қоңыр әулие үңгіріне бара жатқан 40 жолаушысы бар автобус ел жүретін жолда батпаққа батып кетті. Жедел көмекке құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері келді. Бірлескен күш-жігермен автобус сүйретіліп, өз бағытын аман-есен жалғастырды. Жолаушылар қауіпсіз.

ШҚО ТЖД төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.

 

ШҚО ТЖД баспасөз қызметі