
2021 жылғы 13 тамызда түнгі сағат 03 шамасында Семей қаласында Восточный кенті маңында жылқы шұңқырға құлады. Жануарға көмек көрсету үшін оқиға орнына 2-МӨСБ қызметкерлері жедел келді. Тұрғын үйдің аумағында иесіз құрылым болды, оның жертөлесінде төрт аяқты жануар түсіп қалды. Құтқарушылар аттың денесін байлап, манипулятордың көмегімен қауіпті аймақтан алып шықты. ШҚО ТЖД төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлауды ЕСКЕРТЕДІ. ШҚО ТЖД баспасөз қызметі